Жұмысшылардың көбі Қытайдан: Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді

Фото: Youtube.com

2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 072 шетел азаматы еңбек етеді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Шетел азаматтарын жұмысқа тартудың келесідей санаттары бар:

  • басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 568 рұқсат (бірінші санат).
  • құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 528 рұқсат (екінші санат).
  • мамандар  үшін 4 787 рұқсат (үшінші санат).
  • білікті жұмысшылар санаттары үшін 987 адам (төртінші санат).

Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 672 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 530  адам тартылды.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда шетел жұмыс күшін пайдаланатын 1 710 жұмыс беруші бар. Оларда 383,1 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,6% — ы. Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 343 адам, тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 360 адам, өңдеу өнеркәсібі – 1 338 адам, әкімшілік және көмекші қызметтер – 1 089, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 688 адам», — делінген хабарламада.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 778 адам, Түркия – 1 158 адам, Үндістан – 1 121 адам, Өзбекстан – 623 адам.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2025 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,2% немесе 14,8 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей