АҚШ президенті Джо Байден Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің Делиде өтетін G20 саммитіне қатыспайтынына ренжігенін айтты. Бұл туралы «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы Голос Америки басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Байден Си Цзиньпинмен кездесуге ниетті екенін жеткізді.
«Менің көңілім қалды, бірақ бәрібір де онымен кездесемін», — деді Байден.
Байден 7-10 қыркүйекте Үндістанға G-20 саммитіне қатысып, содан кейін Вьетнамға барады. Өйткені АҚШ әкімшілігі Азия мемлекеттерімен қарым-қатынасын нығайтуға тырыспақ.
Си Цзиньпин саммитке келмеуі мүмкін. Бейжіңнің атынан Қытай премьер-министрі Ли Цян қатысады деп күтілуде.
Байден саммитті асыға күтетінін атап өтті. Оның айтуынша бұл жиын Вашингтон, Бейжің және Нью-Дели арасындағы қарым-қатынасты күшейтуге ықпал етеді
«Менің ойымша, Үндістан мен Вьетнам Америка Құрама Штаттарымен жақын қарым-қатынас құруды қалайды. Бұл өте пайдалы болуы мүмкін», — деді Байден.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру