Ғалымдар Жерге ұқсас атмосферасы бар «экстремалды» планета тапты

Біздің планета мен 300 жыл уақыт қашықтықтағы басқа планетаның арасында ұқсастық табылды, деп хабарлайды «ozgeris.info».

 Nature Astronomy журналында жарияланған зерттеуде WASP-189b туралы жаңа мәліметтер анықталды. Онда әлгі планетаның  температурасы соншалықты жоғары, оның үстіндегі металл балқуы мүмкін екендігі айтылған. Бір қарағанда, бұл нысан мен Жер арасында ортақ ештеңе жоқ сияқты, алайда олай емес.

Ғалымдар Чилидегі Ла Силла обсерваториясындағы HARPS спектрографының көмегімен экзопланетаның газ қабығын зерттей алды. Оның құрамында темір, хром, ванадий, магний, марганец және титан оксиді бар болып шықты. Соңғысы ультракүлгін сәулелерді (қысқа толқынды сәулеленуді) сіңіреді және экзопланета атмосферасында жердегі озон қабатына ұқсас қабат бар екенін меңзейді.

WASP-189b А спектрлік класындағы жарық жұлдыздың айналасында айналады. Табылған заттың массасы шамамен Юпитердің 2 массасын құрайды, радиусы Юпитер радиусымен тең —  1,6.  Ол 2,7 күнде өз жұлдызының айналасында бір айналым жасайды.

Экзопланетадағы ең таңғаларлық нәрсе — ондағы температура, ол Цельсий бойынша 3200 градусқа бағаланады. Бұл оны бүгінгі күнге дейін белгілі ең ыстық экзопланеталардың біріне айналдырады. Атмосфералардың ұқсастығына қарамастан, адамзат оны ешқашан үй деп атай алмайды.

 

«ozgeris.info».