7 сәуірде Алматыда найзағай мен жел күшейіп, дүлей дауыл соқты, салдарынан екі аудандағы бірнеше шағын ауданда жарық өшіп қалды, деп хабарлайды Ozgeris.info порталы «Алатау Жарық Компаниясы» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Наурызбай ауданындағы Ақжар, Карьер, Ақсай шатқалы және Тау Жолы шағын аудандарында бес апаттық оқиға болды.
176 трансформаторлық қосалқы станция мен 1 865 тұтынушы жарықсыз қалды.
Бостандық ауданында Нұр Алатау ауданында екі жерде жарық өшкен, салдарынан 11 трансформаторлық қосалқы станция мен 111 тұтынушы электр қуатынсыз қалды.
Компания өкілдері бұл жағдайдың бәрін регламентке сәйкес аз уақыт ішінде қалпына келтіретінін мәлімдеді. «АЖК» бригадалары күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру