Қазақстандық продюсер әрі актер Нұртас Адамбай бірнеше ел президенттері, әнші Андрей Макаревич пен депутат Ринат Зайытовтан кешірім сұрады, деп жазады Ozgeris.info.
Ол өзінің Instagram парақшасында әлеуметтік желі қолданушыларына, саясаткерлер мен атақты адамдарға өзінің «ақымақтығы» және айыптауы үшін кешірім сұрады.
Олардың қатарында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан, еліміздің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан, Ресей президенті Владимир Путиннен, Белорусь президенті Александр Лукашенкодан, мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтан кешірім сұрады.
Сонымен қатар әзілкеш желі қолданушылардан да кешірім сұрады.
«Мен желіде сөз таластырып, санасып, сынап, жамандық тілеген желі қолданушылардан да кешірім сұраймын. Осы өмірде кіммен арада келіспеушілік болса, солардың барлығынан кешірім сұраймын. Сіздерді сынап, сіздерге қатысты жағымсыз ойларым болғаны үшін кешіріңіздерші. Бұның барлығы ақымақтықпен істелді», — деп жазды Адамбай.
ПІКІР ЖАЗУ