Жаңалықтар

Абай облысында 3 адам өрттен құтқарылды

Семей қаласындағы бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде электр қалқаны жанып кетті. 
Баспалдақ маршы арқылы құтқарушылар 2 ересек адам мен 1 баланы құтқарды. Сондай-ақ 40 адам, оның ішінде 10 бала өздері эвакуацияланды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққаны болжанып отыр. Фото: freepik.com
Барлық жаңалық