Спорт

«Балаңызбен тұра алмайсыз»: Ефремова жарыс алдында қиын жағдайға тап болды

Азия чемпионы, жеңіл атлет Мария Ефремова Алматыдағы Олимпиадалық дайындық орталығының (ЦОП) қонақүйіне баласымен бірге кіре алмай қалғанын айтты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Tengri Sport сайтына сілтемемен. 

 

Спортшының айтуынша, ол күйеуі — Азия чемпионы Давид Ефремовпен және екі жасар ұлымен бірге Қазақстан чемпионатына қатысу үшін Алматыға келген. Алайда орталық әкімшілігі балалармен бірге тұруға болмайтынын айтып, оларды қонақүйге орналастырудан бас тартқан.

 

— Бізге: “Сіздер балаңызбен келгенсіздер, сондықтан орналастыра алмаймыз”, — деді. Брондау бөліміне жүгінгенімде де ішкі тәртіпке сілтеме жасап, тағы да бас тартты, — дейді спортшы.

 

Нәтижесінде кешкі сағат 22:00-де Ефремовтар отбасы баламен бірге далада қалуға мәжбүр болған. Спортшының айтуынша, бұл жағдай жарыс кезінде қатты күйзеліс пен моральдық қысымға себеп болған.

 

Марияның сөзінше, бас бапкер мен команда жетекшісі көмектесуге тырысқан, бірақ мәселе шешілмеген. Ақырында спортшы отбасымен таныстарының үйіне кеткен.

 

Сонымен қатар, ол ресми бас тарту туралы құжат сұрағанымен, жауап болмағанын айтып, кейбір спортшылардың балаларымен бірге еш қиындықсыз сол қонақүйде тұрып жатқанын да атап өтті.

Барлық жаңалық