Спорт

"Қайрат" тарихи жеңісінен кейін қомақты табыс тапты

"Қайрат" тарихи жеңісінен кейін қомақты табыс тапты

Чемпиондар лигасына шыққаны үшін «Қайрат» 11,6 миллиард теңге табыс тапты, деп хабарлайды ozgeris.info.

Осылайша алматылық «Қайрат» алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды. 

Квалификацияда «Олимпияны» (3:1), КуПС-ті (3:2), «Слованды» (пенальти 4:3) және плей-оффта «Селтикті» (пенальти 3:2) жеңді. Бұл жетістік клубқа 18,62 млн еуро (11,6 млрд теңге) сыйақы әкелді.

Топтық кезеңде жеңіс үшін — 2,1 млн еуро, тең ойын үшін — 700 мың еуро беріледі. 26 тамызда Алматыда өткен шешуші матчта «Қайрат» жанкүйерлерін қуантты.

Барлық жаңалық