67 адам тіркелген: Қазақстандықтарды суицидке итермелеген Telegram-арна анықталды

Алматы прокуратурасы әлеуметтік желіде өзіне қол жұмсауды көрсететін күдікті контенттерді бұғаттады. Солардың қатарында 67 адам тіркелген Telegram-арнасы да бар, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Алматы қаласының прокурорлары күйзеліске толы контенті бар Telegram-арнасын бұғаттау шараларын қабылдады. Тексеру барысында 67 оқырманның арна әкімшілерінен суицидке бағытталған командалар алғаны белгілі болды.

Алматы прокуратурасы ата-аналарға интернетті қолдануда жауаптылықпен қараудың маңызды екенін және күдікті контент анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну керегін ескертті.

“23 қыркүйек күні сот Алмалы ауданы прокурорының деструктивті чатқа тыйым салу туралы талабын қанағаттандырды. Сот шешімі дереу мәдениет және ақпарат министрлігіне орындауға жолданды”, – деп мәлімдеді Бас прокуратура.