Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығы өңіріміздің жұмысшы жастары арасында «Алға жастар» жастар форумын өткізді.
Форумға Целиноград ауданының Төңкеріс ауылы орта мектебінің шет тілдер мұғалімі, «Жас Ұстаз» облыстық байқауының жеңімпазы – Сартаева Салима Мұратқызы, «Степногорск тау-кен химия комбинаты» ЖШС жалпы зауытының электр бөлімінің басшысы – Қалқабай Жұмабек Қалқабайұлы, Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің киім және тігін өндірісін модельдеу шебері – Қадырбаева Фариза Жарқынбекқызы, Шағалалы ауылы Агротехникалық колледждің ЖІК басшысы – Боранбаев Байжігіт Жаңабақытұлы спикерт ретінде қатысты.
Сондай-ақ, аталған форумға Ақмола облысының ішкі саясаты басшысының м.а. – Кенжебаев Сабырхан Мейірханұлы, облыс студенттері мен жұмысшы жастары қатысты.
Іс-шара соңында «МЕНІҢ СҮЙІКТІ МАМАНДЫҒЫМ» онлайн байқауы, марапаттау рәсімі басталды. Ақмола облысының жұмысшы жастарының арасында «МЕНІҢ СҮЙІКТІ МАМАНДЫҒЫМ» атты онлайн эссе және видео байқауының нәтижесі бойынша 1-орынға — «Тыныс» АҚ конструкторлық бюро, инженер-конструктор маманы — Қайыржан Амир Кайратұлы ие болса, 2-орынға — Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледжінің киім модельдеу және тігін өндіріс шебері — Қадырбекова Фариза Жарқынбекқызына бұйырды. Ал 3-орынды — «Степнагорск тау-кен химиялық комбинаты» ЖШС жалпы завод электро бөлімінің басшысы — Қалқабай Жұмабек Қалқабайұлы қанжығасына салды. «Ең жақсы шығармашылығы үшін» номинациясына ие болған Атбасар қаласы жалпы білім беретін №5 мектебінің математика пәні мұғалімі — Идрисов Қуандық Қуанышпекұлы еншіленсе, дәл осы номинацияның екінші жүлдегеріне Көкшетау қаласы, «Тыныс» АҚ № 2 цех, сандық бағдарламалық басқару операторы, металл жонушы маманы — Котов Аркадий Вительевич ие болды. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сондай-ақ, «КДМ – LIFE» облыстық байқауында 1-орын иеленген Ж. Мусин атындағы Көкшетау қаласының жоғары қазақ педагогикалық колледжі мен Шағалалы ауылының жоғары агротехникалық колледжі және «AQMOLA POWER» жыл сайынғы инновациялық идеялар мен жобалар байқауының екінші және үшінші орынға ие болған жеңімпаздары дипломдар, бағалы сыйлықтар және ақшалай сертификаттармен марапатталды.
«Жастардың қай замандарда болмасын, әрқашан қоғамда үлкен әлеуметтік күшке ие болғанын байқаймыз. Олар әрдайым қоғамның ең белсенді мүшесі әрі жұмыс күші болып табылады. Оның үстіне бүгінгі жастың ертеңгі елдің болашағын жандандырып елімізге пайдасын тигізетіне кәміл сенемін. Сөзімді қорытындылай келе, ең бірінші сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қызметтеріңізге табыс, қажымас қайрат пен үлкен армандарыңызды жүзеге асыруда сәттілік, келе жатқан жаңа жылда жаңа табыс тілеймін! Әрқайсыңыз Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуіне сүбелі үлес қосып, әлеуеті зор, бәсекеге қабілетті, дені сау азамат болуларыңызға тілектеспін!» — деп ізгі тілекпен Ішкі саясат басқармасы басшысының м.а. Сабырхан Мейірханұлы өз сөзінде тоқталып кеткен болатын.
Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы
Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының
баспасөз қызметі
(Балабеков Жеңіс байл.тел.50-72-69)
ПІКІР ЖАЗУ