«Ұзақ күттім»: Мәдина Сәдуақасова қуанышты жаңалығын жеткізді

Әнші Мәдина Сәдуақасова әлеуметтік желіде шығармашылықтағы жаңалығын бөлісті.

Әнші жаңа әні жарыққа шығатынын айтты.

«Сәлем жап-жарық әлем. Осы рилсты көріп тұрған жанға. Жылы күндермен жаңа, жылылыққа толы күшті ән келді. Дәл осы әнді ұзақ күттім. Әзірге үзіндісінің бірінші тыңдарманы өзіңсің», — деді Мәдина Садуақасова.