Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Францияда ұсталды

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы және басшысы Павел Дуров француз полициясы тарапынан «Ле Бурже» әуежайында оның жеке ұшағы қонғаннан кейін ұсталды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Ол ұшақтан түскен сәтте әуе көлігінің жандармериясы қызметкерлері тарапынан ұсталған.

BFMTV дереккөзі кейіннен TF1 арнасының ақпаратын растады.

TF1 арнасының жазуынша, Дуровқа телеграмдағы модерацияның болмауы және құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық жасамауы осы желіде болып жатқан заңсыз әрекеттерге, оның ішінде есірткі тарату, бала порнографиясы және алаяқтыққа қатысы бар деген айып тағылып, іздеу жарияланған.

Француз бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, Дуровтың ресейлік азаматтығынан бөлек француз азаматтығы да бар. Олардың мәліметінше, ол өзіне іздеу жарияланғанын біліп, Францияға келуден қашқақтаған. Бұл жолы не себепті келгенін ақпарат көздері түсінбей отыр.

Оның Әзербайжаннан ұшып келгені хабарлануда.

Фото: X/visegrad24


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора