Жаңалықтар

Талғар мектептерінде сабақтар тоқтатылды

Жер дүмпуінен соң Алматы облысындағы Талғар мектептерінде сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды ozgeris.info. Талғар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 5 қарашада қаладағы мектептер мен балабақшаларда сабақ тоқтатылғаны туралы ақпаратты растады. Барлық 1-11-сынып оқушылары үйлеріне жіберілді.
"Бүгін Талғар қаласындағы мектептер мен балабақшалардағы сабақтар тоқтатылды", – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астана уақыты бойынша 10 сағат 00 минут 30 секундта Алматыда жер сілкінісі тіркелген еді.
Барлық жаңалық