Мемлекет ақша бөлерде өңірлерді алалай ма?
Былтырғы қаңтар-сәуір айларында Қазақстанда білім беру саласына бұрын-соңды болмаған көлемде 422,8 млрд теңге инвестиция құйылды. Бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштерге қарағанда, 6 есе көп. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметіне сенсек, мұндай ауқымды қаржы бірінші кезекте республикалық бюджеттен бөлінген – жалпы көлемнің 80,8%-ы, яғни 341,7 млрд теңгесі тікелей орталықтан бағытталған. Тағы 54,3 млрд теңге жергілікті бюджеттен, 1,3 млрд теңге банк несиелері арқылы келіп отыр, деп жазады Ozgeris.info.
17:49, 17 маусым 2025