Шоу-бизнес

Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші баласының жынысы туралы айтты

Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші баласының жынысы туралы айтты

Қазақстандық актриса, әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші баласының жынысын білу үшін гендер пати жасамақ, деп хабарлайды ozgeris.info.

Актрисаның айтуынша, қазір үлкен қызының мектеп бітіруіне байланысты шаруалармен айналысып жүр.

Қарнымдағы бөпеме: "Сабыр ет, асықпа. Сыртта жүрген балалардың шаруасын реттеп алайын. Мен – жалғызбын, ал сендер – бесеу болдыңдар" деп айтамын”, – деп жазды ол.

Ал гендер пати өткізу туралы сұраққа Жұлдыз ашық жауап берді. Ол мұндай кеш ұйымдастыруға қарсы емес екенін айтты.

“Бұл туралы ойымда бар. Құдай қаласа, егер сіздер қызық идея ұсынсаңыздар, гендер патиді бірге өткіземіз”, – деп жазды актриса.

Барлық жаңалық