Жаңалықтар
Түркістан музыкалық драма театры Астанаға келді
Елордамыздың 25 жылдық мерейлі мерекесі қарсаңында, осыдан бес жыл бұрын облыс ретінде құрылған Түркістанның бар-жоғы екі жылдық тарихы бар театр гастрольдік сапармен Астанаға келді, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо.
Түркістан музыкалық драма театры 2023 жылдың 2– 5 шілде аралығында Астана қаласының бас театрларында қойылымдарын көрермендерге ұсынады. Театры ашылғанына аз уақыт өтсе де, бірнеше тарихи драмаларды сахналап үлгерді. Д.Исабековтың «Бөрте», Е. Аманшаевтың «Қорқыт», А. Нүсіптің «Мағжан», Т. Ахметжанның «Махаббат мұнарасы», Р.Мұханованың «Фариза» т.б спектакльдері тек қана түркістандық көрермендермен шектелмей, республика жұртшылығының іздеп келіп көретін қойылымдарына айналды. Қазір Түркістан музыкалық драма театрының репертуарында 9 спектакль бар.
Сапалы дайындалған спектакльдер бірнеше байқаулардың бас жүлделерін де иеленді. Дулат Исабековтың “БӨРТЕ” спектаклі - Қазақстан Республикасы Мәдениет және Өнер саласындағы “ҰМАЙ” тұңғыш ұлттық сыйлығын, II халықаралық “Исабеков әлемі” атты театр фестивалінің бас жүлдесін және “Театр сыншыларының бірлестігі” ұйымдастырған “Сыншылар жүлдесін” жеңіп алды. «Ticketon.kz» сервисінің 10 жылдығына арналған “Тикетон премия- 2022” байқауында “Жылдың үздік премьерасын” жеңіп алды және театр актрисасы Айя Шәріп “Бөрте” ролі үшін “Жыл Актрисасы” атанды. Талаптан Ахметжанның «Махаббат мұнарасы» қойылымы 2023 жылы «Ticketon.kz» сервисі ұйымдастырған байқауда «Жылдың үздік аймақтық спектаклі» номинациясы бойынша топ жарды.
Гастрольдік сапар барысында Түркістан музыкалық драма театры 2023 жылдың 4-ші шілдесінде Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры сахнасында жас драматург А. Нүсіптің «МАҒЖАН» тарихи драмасын қояды. Спектакльдің өзекті тақырыбы Мағжан Жұмабаевтың ағартушылық саласындағы еңбегі, махаббаты, ұлтқа адал қызметі, Сарыарқаны жайлаған аштық (1921-22 жж.) болып табылады.
Сондай-ақ, Астана қаласы әкімдігінің «Жастар театры» сахнасында драматургтер Е. Аманшаевтың «Қорқыт», Т. Ахметжанның «Махаббат мұнарасы», Р.Мұханованың «Фариза» спектакльдері 2- 5 шілде аралығында қойылады.
Түркістан музыкалық драма театрының үздік қойылымдары Елорданың төрінде апта бойы салтанат құрады. Астаналықтарды аз уақытта көрерменнің көңілінен шыққан жас театрдың қойылымдарын көріп, саф өнермен сусындауға шақырамыз.
«Жастар» театрында:
2 шілде – «ФАРИЗА»
3 шілде - «МАХАББАТ МҰНАРАСЫ»
5 шілде - «ҚОРҚЫТ ТУРАЛЫ АҢЫЗ»
Басталуы: 19:00
Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында:
4 шілде - « МАҒЖАН»
Басталуы: 19:00
Билеттер ticketon.kz сайтында сатып алуға болады.
-
Dodo Pizza енді біздікі
18:37, 13 маусым 2025
-
Ірі несиені онлайн алу қиындайды
18:33, 13 маусым 2025
-
Қаржылық сауаттылықты тегін үйретеді
18:14, 13 маусым 2025
-
Алматы облысында жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті
17:14, 13 маусым 2025
-
-
Дәулет Тұрлыхановтың ұлы жазасын ауыстырмақшы: жәбірленуші тарап өз қарсылығын білдіруде
16:24, 13 маусым 2025
-
Демалыстан кейін қалтаңыз босап қалмасын десеңіз...
16:19, 13 маусым 2025
-
Несие алғанда жұбайының рұқсаты керек пе?
16:08, 13 маусым 2025
-
Ел ұшақтары Иран мен Иракты айналып өтетін болды
15:45, 13 маусым 2025
-
Жамбылда 13 жастағы қызды екі ағасы алты жыл бойы зорлап келген
14:48, 13 маусым 2025
-
"Мынау алжыды, көрінбей отырғаны дұрыс еді": Жұлдыз Әбдікәрімова жұрттың жағасын ұстатты
10:01, 13 маусым 2025
-
-
"Сандырақтап тұр": Тамара Асардың күйеуі тойда орысша тілек айтып сынға қалды (ВИДЕО)
14:47, 13 маусым 2025
-
-
Ұшақ апатынан тірі қалған жалғыз адам не болғанын айтып берді
20:56, 12 маусым 2025
-
Түркістан облысында 8-сынып оқушысы 7 жасар қызды зорлаған
04:21, 13 маусым 2025
-
"Алжыған ба секеңдеп": Ермахан Ыбырайымов ерсі қылығымен ел назарына ілікті (ВИДЕО)
13:09, 13 маусым 2025
-
«Имандай сендік»: Балғынбек Имашевтың ұлына қатысты тағы 40 шақты адам шу шығарды
03:00, 13 маусым 2025
-
"Кредитпен тойған халық": Заманауи құлға айналған қазақ қоғамы
01:12, 13 маусым 2025
-
Мемлекет басшысы медицина мамандарын марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
13:04, 13 маусым 2025
-
"Балаңды не қылсын": Сәкенмен құда болғысы келгенін айтқан Сәдуақасова сынға қалды
09:40, 12 маусым 2025
-
"Жолымды берсін": Зейнеп Ахметова Сәкен Майғазиевтің келініне ерекше сый жасады (ВИДЕО)
07:05, 12 маусым 2025
-
-
Ерке Есмахан үшінші рет босанды
04:58, 12 маусым 2025
-
-
"Құдай жазасын берсін": Айжұлдыз Адайбекова өзіне сиқыр жасалғанын айтты
11:28, 09 маусым 2025
-
"Мынау алжыды, көрінбей отырғаны дұрыс еді": Жұлдыз Әбдікәрімова жұрттың жағасын ұстатты
10:01, 13 маусым 2025
-
"Майдаланып кеткен": Сәкен Майғазиев құдаларына бергенін айтып, сынға қалды (ВИДЕО)
11:27, 11 маусым 2025
-
-
-
"Балаңды не қылсын": Сәкенмен құда болғысы келгенін айтқан Сәдуақасова сынға қалды
09:40, 12 маусым 2025
-
"Жолымды берсін": Зейнеп Ахметова Сәкен Майғазиевтің келініне ерекше сый жасады (ВИДЕО)
07:05, 12 маусым 2025
-
Киіктің қаны кімге керек? Ашкөз билік киелі жануарды қыруға дайын
23:50, 28 мамыр 2025
-
-
Ерке Есмахан үшінші рет босанды
04:58, 12 маусым 2025
-
-
"Құдай жазасын берсін": Айжұлдыз Адайбекова өзіне сиқыр жасалғанын айтты
11:28, 09 маусым 2025
-
"Мынау алжыды, көрінбей отырғаны дұрыс еді": Жұлдыз Әбдікәрімова жұрттың жағасын ұстатты
10:01, 13 маусым 2025
-
"Майдаланып кеткен": Сәкен Майғазиев құдаларына бергенін айтып, сынға қалды (ВИДЕО)
11:27, 11 маусым 2025
-