Жаңалықтар

"Суицид емес": Белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты тың дерек айтты

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева Алматыда жұмбақ жағдайда қаза тапқан КИМЭП студенті Ақнәр Хамиттің өліміне байланысты өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Skifnews.kz порталына сілтеме жасап.

Әншінің айтуынша, 21 жастағы бойжеткенді бірнеше ай бұрын бірге жүрген қыздар ұрып-соғып, тонап, ақырында 7-қабаттан итеріп жіберген.

– Қытайдан келген қандас бауырлармен жиі араласамын. Олардың тәрбиесіне, еңбекқорлығына риза болатынмын. Бірақ осы аптада жан түршігерлік жағдай жайлы естідім. Ақнәрді 8–9 ай бұрын бірге жүрген қыздары қорлап, ұрып, ақыры 7-қабаттан лақтырып жіберген, – деп жазды ол.

Түсіпбаеваның айтуынша, күдіктілер – 20-24 жас аралығындағы бірнеше қыз. Алайда тергеу бұл істі суицид ретінде қарап жатыр. Ал марқұмның анасы әділдік іздеуде.

– Қыздарыңыздың кіммен араласатынын бақылаңыздар! Салтанат Нүкенова мен Ақнәрдің өлімі – жазасыз қалмауы тиіс ауыр қылмыс. Ашық сот талап етеміз! Халық олардың беттерін көруі керек! – деді әнші.

Барлық жаңалық