Газдан уланған 3 адам ауруханада жатыр, оның екеуі – 3 және 4 жастағы балалар, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Қайғылы оқиға кеше кешкісін болды. Иран пешін дұрыс қолданбау салдарынан 55 жастағы жергілікті тұрғын қайтыс болды. Сондай-ақ 27 жастағы ер адам мен 4 және 3 жастағы екі бала ауруханаға жатқызылды.
«Оқиға орнына келген «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның апаттық бригадасы ас үйде газ плитасынан бөлек, Иранның жылыту газ камині орнатылғанын анықтады. Ол шамамен 7 метрлік оттегі шлангісі арқылы газға жалғанған. Оның 3 метрден асатын түтін құбыры үй қабырғасын тесу арқылы шатыр астына шығарылған. Яғни, мұржаның тартуы жоқ. Жалпы, Иранда шығарылған газ камині үй ішіне орнатуға арналмаған. Оны тек террасса, кіреберіс сияқты таза ауа үздіксіз алмасып тұратын қауіпсіз жерде ғана қолдануға рұқсат етіледі», – делінген «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ таратқан ақпаратта.
Қазіргі сәтте газ мамандары үйді «көгілдір отыннан» ажыратты. Жазатайым оқиға себептері сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша анықталады.
Фото: ortcom.kz
ПІКІР ЖАЗУ