✅ Пайдалы

Шетелге шығуға тыйымның бар-жоғын қалай тексеруге болады?

Демалыс маусымы жақындаған сайын дөңгеленген дүниені көрсе дейтіндердің саны артады. Алайда, саяхаттаймын деп әуежайдың есігінен әрі аспай қалуыңыз мүмкін. Өйткені, шетелге шығуғы тыйым салынып, шақшадай басыңыз шарадай күйге түсуі мүмкін. Бұл жағдайдың алдын алуға бола ма? Тыйымның бар-жоғын қалай тексереміз? Ozgeris.info тілшілері жауап іздеп көрді. Шетелге шығуға кімдерге тыйым салынуы мүмкін? Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, келесі жағдайларда азаматтың шетелге шығуына тыйым салынуы мүмкін:
  • Алимент, салық, айыппұл, несиелік қарыз бойынша берешек болса
  • Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде берешек өтелмеген болса
  • Қылмыстық істер бойынша – күдікті немесе айыпталушы мәртебесінде болса
  • Әскери міндетін өтемеген азаматтар (ер адамдар үшін)
  • Жалған құжатпен шығуға әрекет жасағандар (алдыңғы әрекет үшін шектеу қойылуы мүмкін)
Шектеуді қалай тексеруге болады?
  1. Egov.kz порталы арқылы
  2. egov.kz порталына кіріңіз
  3. Іздеу жолағына "Шетелге шығуға тыйым салыну" деп жазыңыз
  4. "Азаматтың елден шығуына тыйым салынған/салынбағанын тексеру" қызметін таңдаңыз
  5. ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы немесе бір реттік SMS-кодпен кіріп, тексеруге болады.
  6. Бұл қызметті пайдалану үшін міндетті түрде өзіңізге қатысты ЖСН енгізілуі қажет. Егер тыйым салынған болса, жүйеде нақты себеп көрсетіледі.
  7. Qamqor.gov.kz – Атқарушылық іс жүргізу реестрі
Бұл сайтта берешекке байланысты қозғалған атқарушылық істер жарияланады. Ол үшін www.qamqor.gov.kz қосымшасына кіріп, «Борышкерлер тізімі» бөлімінде өз ЖСН-іңізді енгізу арқылы анықтауға болады.
  1. Kaspi.kz, Homebank қосымшалары
Кейбір отандық банктер өз қосымшалары арқылы да клиенттің берешек немесе сот орындаушысы арқылы қойылған тыйымдарын көрсетеді.
  • kz → «Мемлекеттік қызметтер» → «Сот орындаушысының берешегі»
  • Homebank → «Қызметтер» → «Айыппұлдар мен берешектерді тексеру»
  1. Сот орындаушысына тікелей хабарласу
Егер бұрын қандай да бір борыш немесе іс жүргізу болған болса – тікелей жеке сот орындаушысына хабарласып, тексеруді, шектеуді алу процесін нақтылауға болады. Егер тыйым салынса, не істеу керек?
  • Бірінші қадам – борышты өтеу немесе мәселені шешу.
  • Екінші қадам – сот орындаушыға өтініш жазып, "елден шығу шектеуін алып тастау" туралы қаулы алу.
  • Үшінші қадам – қаулы ІІМ көші-қон қызметіне (немесе шекара қызметі базасына) жолданады.
Назар аударыңыз: борышты төлеген соң да тыйым автоматты түрде бірден алынбайды! Кейде 2–5 жұмыс күні қажет болуы мүмкін. Шетелге шығарда тексеруді қашан жасау керек? Кемінде 1 апта бұрын тексеріп шыққаныңыз жөн.Кей жағдайда адам тыйым салынғанын әуежайда немесе шекара бекетінде ғана біліп, саяхатынан қалып жатады. Шетелге шығуға қойылған тыйым – саяси шектеу емес, азаматтық-құқықтық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін заңды құрал. Сондықтан алдын ала тексеріп, қажет болса, қарызды өтеу – өз еркіндігіңізді сақтаудың кепілі.
Барлық жаңалық