Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Талғардағы 16 жастағы Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша сот отырысы жалғасуда. Айыпталушылар орындығында тоғыз адам отыр. Екеуі кісі өлтіру және кісі өлтіруге оқталу бойынша айыпталуда, деп хабарлайды ozgeris.info.
Еске салайық, жасөспірімнің өлімі 2024 жылдың 4 қазанында Талғар қаласында орын алды. Ол төбелес кезінде салынған пышақ жарақатынан қаза тапқан болатын.
Бұған дейін сотта айыпталушылармен бірге қақтығыс орнына келген негізгі куәгерлер сұралған еді. Олар қылмыс орнынан пышақ пен тапаншаның қалай жоғалып кеткенін, сондай-ақ айыпталушылардың бірі қарудан саусақ іздерін жоюға әрекеттенгенін айтып берген.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру