«Сендер тарих жасадыңдар!». Бақыт Сарсекбаев Өзбекстан бокс құрамасының бас бапкерін мақтады

Фото: instagram.com/b.sarsekbayev/

Бокстан Бейжің олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Париж олимпиадасында 5 алтын алған Өзбекстан бокс құрамасының бас бапкерінің ерлігін айтты, деп хабарлайды ozgeris.info.

Бақыт Сәрсекбаев Париж олимпиадасында бокстан 5 алтын алып, айды аспанға бір-ақ шығар Өзбекстан құрамасының бас бапкерін ерлік жасап, тарих жаңартқанымен Instagram желісіндегі парақшасында құттықтады.

«Мен Толқынды бала күнімнен білемін. Екеуіміз интернатта бірге оқып, бірге өстік. Тәлім алған ұстаздарымыз да бір. Сол шақтағы достығымызды ұмыту мүмкін емес! Бауырым, Толик! Сені шәкірттеріңнің жарқын жетістігімен құттықтаймын! Сендер тарих жасадыңдар! Сенің еңбекқорлығыңды жақсы білемін, осы жетістік үшін барыңды салдың. Саған зор денсаулық тілеймін!», — деді Бақыт Сәрсекбаев. 

Айта кетейік, Толқын Қылышев Парижде шәкірті Хасанбой дусматовтың жеңісін тойлау кезінде кенеттен жүрегі тоқтап қалып, ауруханаға түскенін жазған едік.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!