Семейде шыршадан құлаған мұғалім ауруханадан шығарылды

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мұғалім ауруханадан бүгін таңертең шығарылғанын мәлім етті. Бұл мәселе толығымен әкімдіктің және өзінің бақылауында екен.

«Ол емделіп, қайта қалпына келуі керек. Қажетті шұғыл шаралар қабылданды. Кінәлілер жазаланды, бұл барлығына сабақ болуы керек. Әкімдік мұны өндірістік жарақат деп тани ма, танымай ма тергеу аяқталған соң шешіледі», — деді министр.

Ал премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың сөзінше, азамат ресми түрде жұмысқа қабылданған болса, онда ол өндірістік жарақат деп танылады.

Айта кетейік, 21 желтоқсанда Семейде шыршаны әрлеу кезінде мұғалім Қуат Айтқали биіктен құлап, ауыр жарақат алған еді.