Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының өткен 2022 жылғы наурыз айындағы мән-маңызы жағынан бұрынғыларына айрықша қоғамды демократияландыруға бағытталған саяси реформаларды нақты ұсынған жолдауымен елімізде жаңашылдыққа бағытталған, «Жаңа Қазақстан» тек идеясы тек ұраншылдық пен қағаз бетінде қалып қоймай бірқатар өзгерістер орын алып жатқанына ел куә.
Сол 16 наурыздағы жолдау бойынша елді ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жасау үшін ата заңымызға өзгертісер енгізілу қажеттігнен өткен жылдың сәуір айының 29 жұлдызында тәуелсіз Қазақ елі тарихындағы үшінші жалпы халықтық референдум өтіп, конститутциямызға тиісті өзгерістер енгізілгені бәрімізге мәлім.
Қоғамды дәйекті түрде демократияландыруға септігін тигізіп саяси трансформациялау негізінде мемлекетті орнықты әрі басқаруға икемді болуын қамтамасыз ететін референдум өткенен кейін, Ата заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес бір мерзімге 7 жылға ғана сайлана алатын кезектен тыс Президент сайлауын өткіздік.
Одан кейін ағымдағы 2023 жылдың қаңтар айының 14 жұлдызында жоғарғы палата Парламент Сенат депутаттары сайланды.
Кейін ел Президенті төменгі палатаның жетінші шақырылымдағы Мәжілісті тарату және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын алдағы наурыз айының 19 жұлдызы сайлау күні ретінде белгілеп, Орталық сайлау комиссиясына Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыруды тапсырғанынан хабардармыз.
Айтпағым алда елдің әр ауамағын тағыда саяси дода күтіп тұр…
Жалпы сайлау жүйесінің тарихына көз жүгіртсек, ежелгі Грекияда елдің негізгі мәселелерін «халық жиналысында» дауыс беру арқылы шешу тәжірибесі болған. Оған қатысатындар күн бұрын ақ жамылғы киіп жүрген. Ақ түс дауыс беруге қатысатын адамның ниетінің түзулігін білдірген екен. Сонымен қатар Еуропа елдеріне де сайлау жүйесі ықылым замандарда енгенге ұқсайды. Францияда 1302 жылы, Англияда 1265 жылы халық жиындарында сайлаудың алғашқы нышандары байқалған.
Ал біздің ел тарихына көз жүгіртсек сайлау жүйесі көне замандарда халық жиындары түрінде қолданылған.
Мәселен, Тәуке ханның «Жеті жарғысы» бізде өткен жылы өткен референдум сияқты жиындарда халықтың талқылауынан өтіп барып қабылданған екен.
Сондай-ақ билердің, жүздердің, ру-тайпалардың өкілдерінің қатысуымен болған сайлаулар бізде өкілдік демократияның дамығанын көрсетеді.
Кезіндегі Қазақ даласындағы хан сайлауы тарихи маңызға ие сайлау жүйесінің алғышарттары болған.
Сайланған ханын ақ киізге көтерудің мақсаты әр рудың игі жақсыларының басын қосып, солардың дауысын жинап, алдын –ала біздегі дебаттар сияқты бірнеше күн пікірталастар халық жиындарында арнайы ұйымдастырған.
Қазақ даласына сайлау жүйесінің тәжірибесі сонау хандардың кезінен жақсы қалыптасқан десек артық айтпаймыз. Мәселен, «Алаш» партиясы кезінде Ресей империясында сайлауға қатысқан 60 партияның қатарында сайлаушылардың көпшілік даусын жинау арқылы сегізінші орын алған.
«Алаш» партиясының 43 өкілі Думаға алынғаны туралы тарихи деректер қазақ азаматтарының көзі ашық, көкірегі ояу жан ретінде саясатқа белсене қатысқанын көрсетеді емеспе…
Сөз соңында айтпағым, бүгін елім-жерім деп айғайлап жүрген азаматтар тек алдағы сайлау науқаны кезінде ғана халыққа аспандағы айды әперем деп бос уәде беріп, кейін сайланып, жұмсақ креслоға отырған соңда артыңдағы өзің үшін саған дауыс берген қарапайым халықты ұмытпаңыздар.
Керекті кезде сол халықтың үнін жоғарыға жеткізіп, туындаған мәселе бойынша нақты орынды сын айтып және оның шешу жолдарын ұсына алсаңыздар.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті — Жаңа Қазақсатан» ойын іске асыруға шын көңіл қойсаңыздар деген тілек бар баршаңызға…
Қобланды Абенов
ПІКІР ЖАЗУ