Ұлттық құрылтай: Қазақстан өзінің мықты бес бағытын анықтаған кезең — саясаттанушы

t.me/ulttyq_quryltai

2022 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай құруға қаулы еткені белгілі. Сарапшылардың пікрінше, мемлекет басшысының бастамасымен құрылған Ұлттық Құрылтай бүгін мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалогты дамыту және қоғамдық бірлікті нығайту құралына айналды. Құрылтай дәстүрін халық жиналысы ретінде қайта жандандыру ел бірлігін нығайтып қана қоймай, бар күшін мемлекеттік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған.

Осымен төртінші рет ұйымдастырылып отырған жиын биыл Бурабайда өтті. Бірінші күні азаматтық қоғам, білім және ғылым, әлеуметтік-экономикалық мәселелер талқыға салынды. Білікті мамандар өз ойларын ортаға салып, үлкен диалог алаңы ұйымдастырылды. Құрылтайдың екінші күні Мемлекет басшысы қатысып, Қазақстанның даму бағытын айқындайтын өзекті мәселелер күн тәртібіне шықты.

Тоқаев әр жиынды өзі басқарады. Одан бөлек құрылтайдың ұлттық бірлікті нығайтуда, ұлттық құндылықтарды насихаттауда және елдің ұзақ мерзімді даму бағытын қалыптастыруда маңызды рөлін атап өтеді. Құрылтай шеңберінде мемлекеттік саясаттың, әлеуметтік-экономикалық дамудың және қоғам мен билік арасындағы өзара әрекеттестіктің негізгі мәселелері талқыланады, бұл оны теңгерімді шешімдер қабылдау үшін маңызды платформаға айналдырды.

Саясаттанушы Борис Поломарчук құрылтайдың қайта жандануы делиберативтік демократияның көрсеткіші деп санайды. Әр құрылтай мемлекет үшін маңызды, себебі жыл сайын ішкі және сыртқы саясатта қордаланған өзекті мәселелер күн тәртібіне шығарылып, шешім жолдары ұсынылады.

Фото: Борис Поломарчук — саясаттанушы

«Делиберативтік демократия тұжырымдамасына сәйкес, саяси шешімдер ашық, дәлелді және инклюзивті қоғамдық пікірталастар негізінде қабылдануы тиіс. Ұлттық құрылтай бұл қағидатты жүзеге асыра отырып, түрлі қоғамдық топтар, сарапшылар мен мемлекеттік органдардың қатысуымен өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік беретін кеңістік қалыптастырды. Бұл нақты шешімдер қабылдайтын кең қоғамдық диалог алаңына айналды», — дейді сарапшы.

Биылғы құрылтайда ең көп талқыланған сұрақ – салық реформасы. Әрине қазіргі кезде салық мөлшерлемесінің артуы қоғамда кеңінен талқыланып жатыр. Саясаттанушының пікірінше, кез келген мемлекетте салық реформасының өзгеріске ұшырауын халық қабылдамайды.

«Бұл қалыпты тәжірибе. Сондықтан Тоқаев осы жиында салық реформасы туралы түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуді міндеттеді. Үкімет және жауапты органдар халықпен диалог орнатып, салық заңнамасының маңыздылығын жеткізуді тапсырды. Салық реформасы ол мемлекеттің негізгі тірегі. Ел бюджетіне салық төлемдері түспесе, сәйкесінше мемлекеттің де қолы байланады. Мұнай түсімдері экономиканы ұзақ мерзімде ұстап тұра алмайды. Ал Қазақстанда әлем бойынша ең төмен салық екенін ескерген жөн. Сондай-ақ үкіметтің әлеуметтік жүктемесі ауыр. Сондықтан ел басшысы салықтың артуы қалыпты жағдай екенін ескере отырып, үкіметке тиімді, ашық түрде шешім қабылдауды міндеттеді. Өскен күнде ол қаражаттың қайда кетіп жатқанын да халыққа ашық көрсетіп отыруды тапсырды», — дейді Борис Поломарчук.

Бұл құрылтайда Қазақстанның бірыңғай уақыт белдеуіне ауысу сұрағына нүкте қойылды.

«Президент бірыңғай уақыт белдеуінің жалпы халыққа зияны тиегенін атап өтті. Ол қажетті зерттеулер жүргізілгенін, нәтижесінде ел экономикасы мен халықтың өмір сүру деңгейіне оң әсер еткенін айтты. Бұл ретте Тоқаев басқа мәселені көтерді. Үкімет нақты бір шешім қабылдамас бұрын, алдымен халықтың пікірін ескеру екендігін алға тартты. Ол түсінікті жағдай, бізде халықпен диалог орнатуда бірқатар мәселе бар», — дейді саясаттанушы.

Ұлттық құрылтай отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев  балаларды зорлық-зомбылықтан және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау ж»не суицидтің алдын алу туралы жоспардың мерзімі аяқталатындықтан, жауапты институттарға арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырды.

Мемлекет басшысы биыл балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау және жеткіншектер арасындағы суицидінің алдын алу бойынша кешенді жоспарды жүзеге асыру аяқталып жатқанын еске салды. Сонымен қатар, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау үшін нақты шаралар қабылданғаны жөнінде хабарлады. Өткен жылы барлық аймақта балаларға «Психологиялық қолдау» орталықтары ашылған. Кейбір заңдарға маңызды өзгерістер енгізілді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күреске қатысты заң қабылданған соң ахуал бір шама жақсарса да, кейбір шалғай аудандарда әлі күнге дейін мұндай келеңсіз оқиғалар тыйылмай тұрғандығын ескерді. Елімізде жат діни ағымның жетегінде жүрген адамдар жағдайды тіпті ушықтырып жатқанын алға тартты.

«Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау және өзіне-өзі қол жұмсау фактілерінің алдын алу жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыру балалардың әл-ауқатын қалыптастыру үшін маңызды, қоғам үшін қажетті жұмыс болып табылады. ХХІ-ғасырда әр бала бақытты өмір сүруі тиіс»,- дейді психолог Сағым Нағашыбаева.

Саясаттанушы Борис Поломарчуктың пікірінше, бұл құрылтайдың басты ерекшелігі – ел тарихына терең үңілу. Бұл құрылтайдан құрылтайға жалғасып келе жатқан өзекті тақырып.

«Президент кеңестік кезеңді объективті талдаудың маңыздылығын атап өтіп, біржақты көзқарастан арылу керек деді. Сондықтан Қазақстанның өткенін көптеген ғалымдар мен қоғам қайраткерлері әлі күнге дейін тарихи өкпе-реніш призмасы арқылы қарастыруы дұрыс еместігін алға тартты. Бұл біздің тарихымызды қабылдауды шектейді. Біз кеңірек әрі ауқымды ойлауымыз қажет деп баса айтты. Және мықты ұлт бұлай қалыптаспайтынын да ескертті»,- деп Борис Поломарчук.

Нәтижесінде құрылтай мүшелері ішкі саясат тұжырымдамасын дайындауды ұсынды. Бұл құжатта құзырлы органдар мен мүдделі тараптардың қызметі бір арнаға тоғысады. Тұжырымдамада халқымыздың бірегей болмысы, өмір салтын сипаттайтын жалпыұлттық құндылықтар мен негізгі нышандар айқын көрсетіледі. Бұл, ең алдымен, осы құндылықтар мен нышандарды қоғамда орнықтыру, оларды кеңінен дәріптеу және қорғау үшін қажет.

«Бұл құрылтайда Президент еліміз мықты бағытын анықтайтын уақыт келгенін баса айтты. Қазақстанның кемінде бес салада мүмкіндігі зор екенін атап өтті. Бұл цифрландыру ісі, жасанды интеллект, көлік тасымалы, энергетика, агроөнеркәсіп кешені және адам капиталы. Сондықтан шенеуніктер мен халықты, бизнес өкілдерін белсенді болуға шақырды. Осы бағыттарда еліміз өз әлеуетін дамыта түседі деп ойлаймын. Себебі осы салаларда тек өз елімізді ғана емес, жаһандық ауқымда ықпалды бола аламыз», — деді саясаттанушы.

Бұл ретте Тоқаев елде бірде-бір ғылыми қаланың жоқ екенін атап өтіп, оны дамытудың маңыздылығына тоқталды. Алайда қазіргі кезде ғылыми қала құру жай ғана инфрақұрылымдық жоба емес, елдің ұзақ мерзімді дамуы үшін стратегиялық қажеттілік болып табылады дейді саясаттанушы. Себебі Қазақстан әлі күнге дейін пайдалы қазбаларды өндіру саласына тым тәуелді.

«Сондықтан ғылымның дамуы шикізаттық секторға деген тәуелділікті төмендетуге, биотехнологиялар, IT, робототехника және басқа да жоғары технологиялық салаларды қалыптастыруға, сондай-ақ жоғары қосылған құны бар өнеркәсіптің дамуын ынталандыруға көмектеседі», — деді маман.

Президент Қазақстанда ғылыми қалаларды құрудың екі нұсқасын ұсынды:

  1. Алматы маңы. «Алатау» инновациялық технологиялар паркі аумағында (елдегі ірі білім беру және ғылыми орталықтардың жақындығы, Қазақстанның ең ірі экономикалық орталығы, қолайлы инфрақұрылым, халықаралық әуежай және т.б.);
  2. Курчатов қаласы (Қазақстандағы атом ғылымының орталығы, жоғары білікті кадрлардың шоғырлануы).

«Әрине, ғылыми орта қалыптастырудың келешегі зор. Алайда оны іске асыру үшін тек заңнамалық негіздерді әзірлеу жеткіліксіз, оған кешенді стратегия қажет. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, табысқа жетудің үш негізгі факторы бар. Олар ғылым мен бизнестің тығыз интеграциясы, мемлекеттік қолдау шаралары және жаһандық бәсекеге қабілеттілік. Және қаржыдан бөлек, жеке инвестицияларды тарту маңызды. Бұл ретте Президенттің сөзін айта кеткен жөн. Ол барлық жоспарларды нақты есептеулерге сүйеніп жасау керек деді. Себебі осы уақытқа дейін қиялдағы әдемі жобаларды жеткілікті көрдік. Енді талап қатаң болады», — деп түйіндеді Борис Поломарчук.

Енді бесінші Ұлттық құрылтай Қызылордада өтеді.

«Соңғы жылдары біз ұлттық бірегейлігіміздің маңызды факторы – тарих ғылымының дамуына ерекше көңіл бөліп жатырмыз. Бұл Құрылтай тағы бір тарихи белеске тұспа-тұс келді. Биыл ел астанасын Қызылордаға көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына жүз жыл толып отыр. Осы ретте Құрылтайдың келесі отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынамын», -⁠деді Мемлекет басшысы.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 ложку с утра - и все! Живот уходит за 12 дней, бока за неделю…