Мәжілістің жалпы отырысында депутат Қазыбек Иса ұлттық дамудың негізі – ұлттық идеологияда екенін айтты. Оның пікірінше, мемлекет дамуы үшін ең алдымен ұлттың бірлігі мен ынтымағы қажет.
– Елімізді жаңа дәуірге бастаған іргелі өзгерістер, салиқалы саяси реформа мемлекеттің іргесін бекемдеп, қарқынды дамуы үшін ең алдымен бірегей ұлтқа бастайтын бірлік, ырысқа жеткізетін ынтымақ керек. Тәуелсіздіктің Көк туы көкте мәңгі желбірей беруі үшін бәріміз де өз үлесімізді қосуға тиіспіз, – деді Қазыбек Иса.
Оның айтуынша, ұлтты ұйыстыратын идеялар мен реформалар тек халықтың қолдауымен жүзеге аспақ. Елдегі тұрақтылық пен дамудың негізгі тетігі – ұлттық сананың жаңғыруы және қоғамдағы ынтымақтың артуы.
Айта кетейік, бұл отырыста Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларын іске асыру мәселесі талқыланды. Мемлекеттік құрылыс жүйесінің жаңа тарихи кезеңіне аяқ басқан Қазақстан үшін ұлттық идеология мен бірлік маңызды рөл атқарады.
ПІКІР ЖАЗУ