Оралда оқушы асылып қалды

 

Суицид жағдайы туралы «Мой Город» жазады. БҚО ДП оқушының мәйіті шаруашылық ғимараттан табылғанын, ал баланың әкесі басылым тілшілеріне жасөспірімнің тоғызыншы сыныпта оқығанын айтты.

«Ол біздің отбасымыздағы екінші бала. Ұлым батыл, көңілді еді. Сабақты жақсы оқыды, оның достары көп болатын. Ол компанияның жаны болған дейді. Көрші балалармен араласты. Барлық жасөспірімдер сияқты сыныптастарымен және құрдастарымен дос болды. Дұрыс әрі ашық болды. Спортпен айналысқан… « — деді баланың әкесі.

Қайғылы оқиға болған күні әкесі ұлын соңғы рет жұмысқа кеткенде ұйықтап жатқанын көрді. Қайтып келгенде, аулада дәрігерлер мен полицейлер болды.

«Оны анасы сарайдан тауып алды. Мен оның өзін өлтіре алатынына сенбеймін… « — деп толықтырды әкесі.

Полиция қызметкерлері тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.