Үш елдің үкіметтері Палестинаны тәуелсіз мемлекет деп танығанын жариялады. Сәрсенбі күні (22 мамыр) Норвегия, Испания және Ирландия премьер-министрлері тиісті мәлімдеме жасады.
«Егер мойындалмаса, Таяу Шығыста бейбітшілік орнату мүмкін емес», — деді Норвегия үкіметінің басшысы Йонас Гара Стере және скандинавиялық елдің Палестина мемлекетінің тәуелсіздігі туралы шешімі 28 мамырда бекітілетінін атап өтті.
Бүгінде Палестина тәуелсіздігін БҰҰ-ның 193 елінің 144-і мойындады.
Ал Израиль СІМ басшысы Исраэль Кац Палестина мемлекетін тану туралы шешімге орай осы елдердің елшілерін консультациялар үшін дереу шақыртып алуды тапсырды.
ПІКІР ЖАЗУ