Қазақстанның ішкі істер министрлігі 30 қыркүйекте өткен брифингте балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің негізгі себептерін айтты, деп хабарлайды ozgeris.info.
ІІМ-нің ресми өкілі Шыңғыс Алексеев әрбір оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын және полиция кәмелетке толмағандарды суицидке итермелеген себептер мен жағдайларды белгілейтінін айтты. Негізгі себептердің қатарына жалғыздық сезімі, қиын қаржылық жағдай, ата-аналармен қақтығыстар, ажырасулар және жазадан қорқу жатады. 14 жағдайда жасөспірімдер мас күйінде, ал біреуі есірткінің әсерінен өз — өзіне қол жұмсады. Негізгі жас тобы-15 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер.
Ақпарат zakon.kz сайтынан алынған.
ПІКІР ЖАЗУ