Мумбайда билборд құлап, 14 адам қаза тапты

Мумбайда найзағай кезінде билборд құлап, кем дегенде 14 адам қаза тапты, деп хабарлайды Reuters.

Тағы 75 адам жарақат алды. Құлаған билбордтың олимпиадалық бассейннен де үлкен екені атап өтілді. Оны орналастырған мекемеде құрылысты орнатуға қалалық әкімшіліктен рұқсат жоқ болып шықты.

Муниципалитет агенттікке оның барлық билбордтарын дереу алып тастауды тапсырды. Билбордтың ауданы шамамен 1338 м2 болды, бұл билбордтың рұқсат етілген максималды мөлшерінен тоғыз есе көп.

Шамамен 25 адам мен бірнеше көлік әлі де мыжылған билбордтың астында қалды, деді муниципалитеттің ресми өкілі.

Айта кетсек дәл осындай оқиға еліміздің Ақтөбе қаласында орын алған болатын. Оқиға кешкі уақытта Ә.Молдағұлова даңғылында «Золотой квартал» тұрғын үй кешені ауданында болған. Жарнамалық тақтаны орнату кезінде құрылымның бір бөлігі аялдаманың әйнек шатырына құлап кетті, деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаменті.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...