2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің лауазымдық жалақысы 25%-ға көтеріледі. Нәтижесінде, еліміз бойынша 600 мыңнан астам педагогтің жалақысы артпақ. Оған республикалық бюджеттен 3 трлн 59 млрд теңге (2022 жылы – 822 млрд, 2023 жылы – 1 трлн 118 млрд, 2024 жылы – 1 трлн 118 млрд) бөлінеді.Біржолғы гранттық конкурстарда көрсеткен нәтижелеріне қарамастан, іргелі-фундаменталды зерттеулермен айналысатын 11 ғылыми-зерттеу институтын тікелей қаржыландыру артады. Бұл шараны 2023-2025 жылдар аралығында жүзеге асыру көзделген. Жалпы штат саны 1 116 адамнан тұратын 11 ҒЗИ конкурстық рәсімдерден тыс кепілді жалақыны алатын болады. Бұларға РБ аясында 19,8 млрд теңге қарастырылады. \
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-тың халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) жұмыскерлерінің жалақысына 34% қосылмақ. Бюджеттен 4,6 млрд теңге бөлінеді.
2022 жылы чемпиондар мен жүлдегерлер саналатын спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына өмір бойы төленетін ай сайынғы төлемақы қазіргі 24 АЕК-тен (73 512 теңгеден) 100 АЕК-ке (306 300 теңгеге) дейін көбейеді.
"ozgeris.info"