Қазақстандық блогер Актау қаласындағы және Шығыс Қазақстандағы бюджет қаражатының жұмсалуына қатысты сұрақ көтерді.
Оның айтуынша, Ақтауда 192 қоқыс контейнерін орнатуға шамамен 1 миллиард теңге бөлінген. Бұл бір контейнердің бағасы шамамен 5 миллион теңгені құрайтынын білдіреді. Сонымен қатар, блогер Өскеменде жерүсті өткелінің шатырын жөндеуге 45 миллион теңге бөлінгенін мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл толық шатырды алмастыру емес, тек жөндеу жұмыстарына бөлінген қаражат.
Бұдан бөлек, блогер 2019 жылы Шығыс Қазақстанда заманауи жарықтандыру жобасына 2,5 миллиард теңге бөлінгенін, алайда кейіннен жарық та, қаржы да ізім-ғайым жоғалғанын еске салды.
Ресми мәліметтерге сәйкес, Ақтаудағы қоқыс контейнерлеріне қатысты ақпарат расталады, алайда Өскемендегі өткелдің шатырына бөлінген 45 миллион теңге туралы дерек әзірге ресми расталған жоқ.
Қоғамда бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына қатысты сұрақтар жиі көтеріледі. Бұл мәселеге байланысты жауапты органдар қандай да бір түсініктеме бере ме – бұл алдағы уақыттың еншісінде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ПІКІР ЖАЗУ