Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаев аймақ тұрғындарымен қоштасты. Қоштасу барысында көзіне жас алды, деп хабарлайды “ozgeris.info”
Сапарбаев өзін шығарып салуға келген адамдарға өзінің және отбасының атынан алғыс айтты. Кешірім де сұрады. Бір сәтте бұрынғы әкім көз жасына ерік берді.
«Мені қолдап, бүгін келгендеріңіз үшін көп рақмет. Мені шығарып саласыздар деп ойлаған жоқ едім. Шамам келгенше Әулиеата жері жақсарсын, халықтың жағдайы дұрыс болсан деп жұмыс істедім. Кішкене бір нәрселер болса кешірерсіздер. Бірақ ең негізгісі қолдағандарыңызға, уақыт бөліп келгендеріңізге мың да бір рақмет», – деді экс-әкім.
Айта кетейік, Бердібек Сапарбаев 2020 жылдың ақпанынан бастап Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарды. 2022 жылғы 7 сәуірде Мемлекет басшысының жарлығымен қызметінен босатылды. Өңірдің жаңа әкімі болып Нұржан Нұржігітов тағайындалды.
“ozgeris.info” порталы
ПІКІР ЖАЗУ