2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республикадағы 126 кәсіпорында 9,7 мың қызметкерге 1,5 млрд теңгеден астам жалақы берешегін анықтады, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Кәсіпорын басшыларына 123 міндетті ұйғарым беріліп, 14 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.
Сондай-ақ, түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 3,2 мың еңбек құқығының бұзылуы анықталды.
Қабылданған шаралардың, соның ішінде еңбекақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 7,7 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалды. Оларға 696,6 млн теңге төленді.
ПІКІР ЖАЗУ