Шоу-бизнес

"Тұрсынбек бармаған шайнасын": Мөлдір Мұқанова халықтан сүйінші сұрады (ВИДЕО)

"Тұрсынбек бармаған шайнасын": Мөлдір Мұқанова халықтан сүйінші сұрады (ВИДЕО)

Ел аузында жүрген Мөлдір Мұқанова тағы да жағымды жаңалығын сүйіншіледі, деп хабарлайды ozgeris.info. 

Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі жас жігітпен жаңа ән жаздырғанын айтты. 

"Қолдап жатқандарыңызды көріп, жаңа әніміздің осы нұсқасымен де бөліскім кеп кетті.
Жақсы көремін сіздерді, туысымдай болып кеткен, алтын оқырмандарым", - деді ол. 

Желі қолданушылары Мөлдір Мұқанованың бұл туындысын қолдап, көпшілік жағымды пікір қалдырды. 

"Мөлдір арықташы. Тұрсынбек бармағын шайнасын. Түрің бар, бала-шағаң бар, жұмысың бар. Енді мүсініңді ретке келтіріп, әйелдік энергияңды көтерші. Біз сені қолдаймыз", "Әндеріңіз супер", "Мөлдір Тұрсынбекті жоғалтқан жоқ, керісінше Тұрсынбек Мөлдірді жоғалтты. Мөлдір енді әр еркектің арманы болатын болды", "Мөлдір, сұлусың. Міне, осылай болуы керек", деп жазды олар. 

Барлық жаңалық