Жаңалықтар

«ҚазМұнайГаздың» еншілес компаниясына жаңа жетекші келді

«ҚазМұнайГаздың» еншілес компаниясына жаңа жетекші келді

«Қаражанбасмұнай» АҚ-ның жаңа бас директоры болып Нұртаза Ибрашев тағайындалды. Бұл туралы «ҚазМұнайГаздың» баспасөз қызметіне сілтеме жасап ozgeris.info хабарлады.

Нұртаза Ибрашев 1984 жылы дүниеге келген. Ол Атырау мұнай және газ институтын «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын бұрғылаушының көмекшісі болып бастаған. Әр жылдары «ҚазБұрГаз» және Parker Drilling компанияларында жұмыс істеп, кейін AgipKCO, «Каспий Меруерты Оперейтинг Компани» және North Caspian Operating Company ұйымдарында түрлі қызмет атқарған. Сондай-ақ Қашаған мен Жемчужина кен орындарындағы халықаралық жобаларға қатысқан.

2020–2022 жылдары «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобында мұнай сервистік бағыттағы еншілес және тәуелді ұйымдардың жұмысын үйлестірген.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін «Мұнайтелеком» ЖШС-нің бас директоры болған.

Айта кетейік, «Қаражанбасмұнай» АҚ – «ҚазМұнайГаздың» еншілес кәсіпорны. Компания Маңғыстау облысындағы Қаражанбас кен орнын игерумен айналысады.

Барлық жаңалық