Шоу-бизнес

"Әйелім енді бала көтере алмайды": Азамат Сатыбалды жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

"Әйелім енді бала көтере алмайды": Азамат Сатыбалды жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

Танымал театр және кино актері Азамат Сатыбалды журналист Жанар Байсемізке берген сұхбатында өміріндегі ең ауыр сынақтардың бірі туралы ашық айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Өнер иесінің айтуынша, олар отбасында бір ғана ұл тәрбиелеп отыр. Алайда көпшілік тарапынан айтылған сөздер жанға бататын кездер болған.

«Бізде 1 ұл. Сондай кезде сөздерден намыстанатын, қатты тиетін сәттер болады. “Туып алмайсыңдар ма? Не істеп жүрсіңдер бір баланың бетіне қарап?” дегендер болды. Бірақ олар сенің ар жағыңда не болып жатқанын білмейді», – деді актер.

Ол жұбайы Назгүл екеуінің де көпбалалы отбасынан шыққанын, өздері де көп балалы болуды армандағанын жасырмады. Алайда тұңғыш ұлдары дүниеге келгеннен кейін жары сырқаттанып, дәрігерлер оған бала көтере алмайтынын айтқан.

«Біздің бармаған жеріміз жоқ. Бірақ нәтиже болмады. Бірден “бала көтермейді” деген диагноз қойылды. Жігіт болған соң жаман ойлар да келеді екен», – дейді ол.

Актердің айтуынша, дәл сол кезеңде әкесінің бір ауыз сөзі оны үлкен қателіктен сақтап қалған.

«Әкем мені шақырып алып: “Егер Назгүлден басқа әйел аламын десең, болмаса ажырасып тоқал аламын десең, екі дүниеде батамды бермеймін. Маған Назгүлден артық келін керек емес” деді. “Алла Тағала 1 балаға татымайтын 10 бала бере ме, 10 балаға татитын 1 бала бере ме – өзі біледі. Бар балаңа шүкір ет” деп айтты», – деп еске алды актер.

Осы сөздерден кейін оның көзқарасы өзгеріп, отбасындағы қарым-қатынас та нығая түскен.

«Қазір ұлым 21 жаста. Ешқашан өкінбеймін. Әкемнің даналығына ризамын», – деді Азамат Сатыбалды.

Барлық жаңалық