Түркістан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Polisia.kz.
20 желтоқсанда облыста ауа райының нашарлауы байқалып, қалың қар жүргізушілерге қолайсыздық туғызады. Шымкент - Тараз және Алматы бағыты бойынша, сондай-ақ Тараз - Шымкент бағыты бойынша республикалық маңызы бар автожолдарда барлық автомобильдер үшін қозғалыс шектелген.«Ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жолдарда сақ болуға шақырамыз», - делінген хабарламада.