Алматы қаласында таңғы уақытта орын алған жол апаты салдарынан бір адам жарақат алды. Оқиға 30 маусым күні таңғы сағат 7 шамасында Әуезов ауданында болған деп хабарлайды ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, ГАЗ маркалы көлік Шаляпин көшесімен батыс бағытта келе жатып, басқаруға ие бола алмай, аялдама кешеніне соғылған. Сол сәтте аялдамада тұрған 2003 жылы туған қыз көліктің соққысына түсіп қалған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан қыз түрлі жарақат алып, дереу ауруханаға жеткізілді.
Қазір оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция көлік жүргізушісінің әрекетіне құқықтық баға беретін болады.