Жаңалықтар

Түрік БАҚ-тары қателескен: Антальяда мерт болған жас жігіт Қазақстан азаматы емес болып шықты

Түрік БАҚ-тары қателескен: Антальяда мерт болған жас жігіт Қазақстан азаматы емес болып шықты

Түркияның Анталья провинциясында орын алған қайғылы жол апатына қатысты жаңа деректер белгілі болды. Бұған дейін түрік БАҚ-тары велосипед мінген Қазақстан азаматы қаза тапты деп хабарлаған болатын. Алайда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты теріске шығарды деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

«Түрік тарапының мәліметінше, қаза тапқан азамат — Қырғызстан Республикасының азаматы», — деп хабарлады.

Еске сала кетейік, оқиға Белек туристік аймағында түнгі уақытта болған. Такси көлігімен соқтығысқан 27 жастағы Құбат Аманбеков алған жарақаттарынан оқиға орнында мерт болған еді. Алғашқыда оның қазақстандық екені туралы ақпаратты түріктің IHA агенттігі таратқан болатын.

Барлық жаңалық