Жанат Момынқұлов
Ал Қазақстанның араласу қаупі мен жоқ деп ойлаймын. Өйткені Қазақстан біріншіден, ол соғыссыз-ақ соғысқа шыдаса жақсы. Қазақстан қазір когнитивтік, танымдық соғысқа дайын болу керек. Гибрид соғыстар дегенді қоя салыңыз, когнитивтік соғыс деген сөз – білім, жастар, халықтың ойы, қоғамдық пікір, дүниетанымы, тарихи жадысы, идентификациясы. Мысалы қазір “отар” деген нәрсе тарихымызда болды ма, болған жоқ па деген дискуссияға болуы мүмкін. Ресей отарлаушы күш болды ма, болған жоқ па деген нәрселер күмән туғыза отырып, біздің болмысызды өзгерту жағынан – когнитивтік соғыстар бастауы мүмкін.
КЕЛІССӨЗДЕРГЕ ЖАҚЫНДАП ҚАЛДЫ МА
Ресей мен Украинаның арасындағы келіссөзге таяп қалды деп ойлаймын. 2025 жылы бітеді деп отыр. Оны Зеленский де айтты. Зеленскийде бір үміт, бір үрейдің ортасында. Қалай болғанда да, соғыс екіжақты текетірескен линиямен аяқталатын болса, ол жағдайда енді Украина өзінің аудиториясына “жеңдік” деген месседж беруге тырысады. Ресей де өзінің аудиториясына “біз жеңдік” деген месседж таратуға тырысады. Бірақ қайсының сөзі, ұстанымы, наративі өтімді болмақ? Мәселе сонда! Сыртта да, іште де. Екеуі де “жеңдік” деп айтуға алып келетін сияқты. Яғни “ешкім жеңілген жоқ” дегендей. Бірақ Ресей өз ішінде “жеңдік, жерін тартып алдық” десе, Украина “Ресейдің өзінің бетін қайтардық, жерімізді сақтауға тырыстық” деп ақпараттық алаңда әркім жеңісін бекемдеуі мүмкін.
Соғыс 2025 жылы уақытша тоқтауы мүмкін. Украина НАТО-ға мүшелікті 10 жылға немесе 20 жылға тоқтатады деп жатыр. Ердоғанның айтып жатқаны. Бірақ қалай дегенде де, Украинаға белгілі бір мағынада гарантия беріледі. Гарантиясыз ол ешқашан келіссөзге бармайды. Перспективада Украина ядролық қаруы бар мемлекет болу керек қой. Бірақ қазіргі жағдайда Еуропа одағы өте қауіпті қаруларды бере отырып, Украинаны күшейтеді. Яғни алдағы кезеңде соғыс тоқтағаннан кейін белгілі уақыттан соң соғыс ұлтшылдықпен қайтадан жанданатын болса Ресейге тиіскізбеу керек. Ресей қайта тиіскен жағдайда Украинаның қолында оның бетін қайтаратын үлкен бір қарулар болуы керек Соны береді. Украинаны демек Еуропаға қабылдады деген сөз. Соғыс жағдайында Украина Еуропа ма, басқасы ма – біз білмейміз. Трамп екі жақты келісімге алып келеді. Бірақ Трамптың бір ерекшілігі – ол екі жақты да ұрғыштай отырып, қысым көрсетіп, екі жаққа да тізесін батырып отырып, белгілі бір келісімге алып келеді. Әдісі сол – оны итер-тарт амалы дейді. Ары-бері итере отырып, Ресейді бір келісімге келтіреді.
Бірақ Ресей қазір күшейіп тұр, ондай келісімге келер ме екен деген сұрақтар да бар. Менің ойымша, жеңілтек сұрақтар сияқты, өйткені ол бәрібір бейбіт келіссөзге келеді. 2025 жылы келіссөзге келген кезде Ресейдің ішінде Путинге қарсы ішкі кризистер басталып кетпес үшін Путинді жеңімпаз ретінде қабылдай ма, жоқ әлде қалай қабылдайды? Басты сұрақ та осы!
ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАРСЫ ҚҰЙТЫРҚЫЛЫҚ БАСТАЛУЫ МҮМКІН
Қазақстанға келсек, Ресей есін жиып алғаннан кейін бір-екі жылдан соң, соғыстан қанағат таппаса, мысалы өзінің халқына “біз жеңдік” дегенді сата алмаса, ол жағдайда әртүрлі құйтырқы, когнитивті соғыстарды ұйымдастыруы мүмкін. Жан-жаққа! Қазақстанға сол жағынан әсер ете ме деген менде ой бар. Мысалы, қазірдің өзінде келіп, “Қазақстан тарихында отарлау деген болған жоқ, деколонизация, ашаршылық деген әңгіме керек емес” деген нәрселерді айтып жүр. Яғни біз “отар болған жоқпыз, одақ болдық” деген сияқты әңгімені айтады. Ол әңгіме тереңірек интеграцияға дайындық емес пе? Яғни халықта белгілі бір нәрсеге дайындау жүріп жатқан жоқ па деген сұрақтар туындайды.
Ресей кеше Украинаға басып кірген кезде “бізді гүлмен құшақтап қарсы алмады” деді ғой. Демек, гүлмен құшақтап қарсы алу үшін халықты бірдеңеге дайындау керек шығар?.. Менің ойымша, енді когнитивтік соғысқа қарай жүретін сияқты. Тарихымызға араласып, өзін ақтауға тырысады.
Экономикалық жағынан қысам десе, ЕАЭО бар. АЭС жайлы да айтылды. Қазақстанда жақында ауыр техника жасайтын, әскерде қолданылатын зауыт салынуы мүмкін. Бұл менің ойым.
СОҒЫС
Ресей әскері 2024 жылдың 24 ақпанында Украина аумағына басып кірген болатын. Соғыс әлі жалғасып жатыр.
БҰҰ, Amnesty International және Human Rights Watch халықаралық гуманитарлық ұйымдарының хабарлауынша, Ресей әскерлері Украинаның тұрғын аудандарына, ауруханаларына және басқа да әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына зымырандармен соққылар жасаған. Соғыс ірі көші-қон дағдарысын туғызды. БҰҰ мәліметтері бойынша, Украинадан 7,86 миллион босқын ретінде кеткен (2022 жылғы 20 желтоқсандағы жағдай бойынша), ал тағы 8 миллионға жуық адам ішкі қоныс аударған. Бірқатар журналистер шапқыншылықты Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан бері Еуропадағы ең үлкен әскери қақтығыс деп атайды. Ресейдің әрекеттерін әлемнің көптеген мемлекеттері мен ықпалды халықаралық ұйымдары қатты айыптады.
Соғыс Ресейде және әлемде соғысқа қарсы наразылықтарға, ресейлік БАҚ-та цензураға АҚШ, Еуропалық одақ және басқа елдердің Ресейге қарсы жаңа санкцияларына, соның ішінде елді әлемдік экономикадан ішінара оқшаулауға, Ресейдің бірқатар спорттық және басқа да халықаралық іс-шараларға қатысуын шектеуге әкелді, сондай-ақ Ресей үшін ауыр экономикалық салдары болды. Украинада соғыс экономиканың құлдырауына, әуе және теңіз көлігінің жұмысын тоқтатуға және басқа да бірқатар жағымсыз салдарға апарып соқты. Украинаның қоршаған ортасына және Украинаның мәдени мұрасына үлкен зиян келтірілді. Әлемдік ауқымда шапқыншылық және онымен байланысты Санкциялар халықаралық сауданың төмендеуіне және азық-түлік пен энергия бағасының күрт өсуіне соқтырды. Екі жақтан да адам шығыны көп.
🏛️ Саясат
Соғыс тоқтап, Ресей есін жиса Қазақстанға қарсы құйтырқылықты бастауы мүмкін – саясаттанушы
19.11.2024
325

-
БҚО-да көлік екі адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО)18:02, 09 қыркүйек 2026
-
Жол ережесін 306 рет бұзған астаналық ақыры қамалып тынды17:31, 09 қыркүйек 2026
-
«Денесін көшеден тапқан»: Таразда ер адам ауыр соққыдан көз жұмды17:18, 09 қыркүйек 2026
-
Жылжымайтын мүлік мәмілелерінде жаңа тәртіп: енді нотариусты қалай таңдаймыз?17:14, 09 қыркүйек 2026
-
Жезқазған кен орнының болашағы: «Қазақмыс» қосымша ресурстарды бағалауда17:03, 09 қыркүйек 2026
-
«Қазіргі жұмысым-осы!»: Сәкен Майғазиев немере бағып жүргенін айтты16:00, 09 қыркүйек 2026
-
Жұмыстан шығуын өтінген: ер адам бұрынғы әйелі мен оның қызын атып өлтірді15:40, 09 қыркүйек 2026
-
«Ойыма келгенді жасаймын»: Мадина Сәдуақасова күтпеген жазба жариялады15:34, 09 қыркүйек 2026
-
«Папам универсал ғой»: Қайрат Нұртастың келіні қайын атасын мақтап тастады15:09, 09 қыркүйек 2026
-
Қазақстанда жасанды интеллект дәуірі басталды: бизнес, білім және еңбек нарығы қалай өзгереді?15:03, 09 қыркүйек 2026
-
«Ойыма келгенді жасаймын»: Мадина Сәдуақасова күтпеген жазба жариялады15:34, 09 қыркүйек 2026
-
«Тасмағамбетовтерді тонаған кім»: Жан Ахмадиев 27 жастағы қызметші келіншек туралы айтты10:37, 09 қыркүйек 2026
-
Әзербайжан мен Армения шекараны солтүстіктен оңтүстікке қарай белгілемек14:48, 09 қыркүйек 2026
-
Мемлекет басшысы Эмомали Рахмонға құттықтау жеделхатын жолдады09:25, 09 қыркүйек 2026
-
ШҚО-да әкімнің орынбасары тағайындалды12:53, 09 қыркүйек 2026
-
«Ғашықпын саған, ғажабым»: Олжас Абай Дариға Бадықова туралы жазды09:35, 09 қыркүйек 2026
-
«Терім бұрқ ете қалды»: Мақпал Жүнісова Заманбектің қызғанышы жайлы айтты11:15, 09 қыркүйек 2026
-
«Қазақ тілін білмеймін»: танымал блогердің әйелі сынға қалды11:37, 09 қыркүйек 2026
-
«Папам универсал ғой»: Қайрат Нұртастың келіні қайын атасын мақтап тастады15:09, 09 қыркүйек 2026
-
«Қазіргі жұмысым-осы!»: Сәкен Майғазиев немере бағып жүргенін айтты16:00, 09 қыркүйек 2026
-
«Мінезі масқара екен»: Ерке Есмахан жас қызға ұрысып тастады (ВИДЕО)11:58, 03 қыркүйек 2026
-
«Ренжіп, ашуланып тұр»: Аша Матай сайлаудан кейін алғаш рет ел алдына шықты10:13, 03 қыркүйек 2026
-
«Құданың асында бірге болдық»: Баян Алагөзова бұрынғы күйеуі туралы айтты09:30, 03 қыркүйек 2026
-
«Уақыт барда қашыңдар»: Ерлан Қаринге қатысты күтпеген болжам жасалды10:22, 04 қыркүйек 2026
-
«Шүкір, халқым ақтап алып жатыр»: Тұрсынбек Қабатов алғаш рет сұхбат берді16:20, 07 қыркүйек 2026
-
«Баян мен Тұрсын барған жоқ»: Динара Сәтжанның ұлының тойы талқыға түсті10:46, 05 қыркүйек 2026
-
«Басқамен ойнас болған»: Жан Ахмадиев Мадина жайлы сұмдықты айтты16:45, 04 қыркүйек 2026
-
«Енді қалай өмір сүремін?»: Баян Алагөзова қиын жағдайда екеннін айтты08:35, 08 қыркүйек 2026
-
«Түрінен түр қалмапты»: Ерболат Құдайбергеннің қазіргі жағдайы көпті алаңдатты15:37, 03 қыркүйек 2026
-
«Шіріген қу түлкісің!»: Атышулы Бағдагүл емші кәсіпкер Ерсайға шүйлікті12:30, 07 қыркүйек 2026
-
Мирас пен Құралайдың күйеу баласы кім екені белгілі болды (ВИДЕО)08:10, 12 тамыз 2026
-
«Құдағиын жақтырмай қалды»: Мирас пен Құралайдың тойында тосын жайт болды (ВИДЕО)07:34, 14 тамыз 2026
-
«Айырылып қалдым»: Гүлзира Айдарбекова қаралы хабар айтты15:18, 19 тамыз 2026
-
«Жаңалығымды бөліскім келеді»: Наркенже Серікбаева жасырған құпиясын жария етті08:00, 12 тамыз 2026
-
«Көзіне не болған?»: Баян Алагөзованың қазіргі жағдайы көпті алаңдатты17:30, 25 тамыз 2026
-
«Оны тағы бір сот күтіп тұр»: Динара Сәтжан Бағдагүлге қатысты мәлімдеме жасады17:26, 13 тамыз 2026
-
«100 миллион кетті»: Алтынай Жорабаеваның қызының жасауын көрсетті14:00, 19 тамыз 2026
-
«Күйеуі бар әйелмен жүрген»: Аралдағы полицейдің қазасына қатысты тың дерек шықты08:20, 02 қыркүйек 2026
-
-
«Еркекке емес, босағаңа сен!»: Танымал актриса жас күйеуімен ажырасқанын айтты12:00, 20 тамыз 2026