Таразда қала шетіндегі шағынаудандардың бірінде орналасқан каналдан жаңа туған сәбидің мәйіті табылды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Нәрестенің денесін маңайда ойнап жүрген балалар байқап қалған. Олар алғашында суда жатқан затты қуыршақ деп ойлаған. Кейін оның жаңа туған сәби екені анықталған.
Алдын ала мәлімет бойынша, нәрестенің кіндік бауы да кесілмеген.
Қазіргі таңда полиция баланың анасын іздестіріп жатыр.
«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері баланың анасының жеке басын анықтау үшін барлық қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр», – делінген полицияның жауабында.