Қоғам

Астанада тұрғын үйден өрт шықты

Астанада тұрғын үйден өрт шықты

Астана қаласының Байқоңыр ауданында, Отырар көшесі бойындағы бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында өрт шықты. Төтенше оқиғаға пәтердегі ашық тұрған газ плитасының конфоркасынан газ-ауа қоспасының тұтануы себеп болған. Салдарынан үй ішіндегі жиһаздар мен жеке заттар жана бастаған, деп хабарлайды Ozgeris.info

ТЖМ құтқарушылары шақырту түскен сәттен бастап 3 минут ішінде оқиға орнына жедел жетті. Олар баспалдақ маршы арқылы пәтер иесін — әйел адамды қауіпсіз жерге шығарып, дереу жедел жәрдем бригадасының мамандарына тапсырды.

Медициналық тексеруден кейін зардап шегушінің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, ауруханаға жатқызу талап етілген жоқ.

Өрт 2 шаршы метр аумақта толығымен сөндірілді. ТЖМ азаматтарды тұрмыста газ құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтауға шақырады.

Барлық жаңалық