Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында TikTok желісіндегі тікелей эфир кезінде қолданушылардың бірі бірнеше мәрте бейәдеп сөз айтып, қоғамдық тәртіп пен әдеп нормаларын бұзғаны анықталды.
Тексеру нәтижесінде құқық бұзушы Қызылорда қаласының 39 жастағы тұрғыны Жұлдызай Құдайбергенова екені белгілі болды.
Сот шешімімен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып,оған айыппұл салынды.
Полиция интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетінін еске салады. Заң талаптарын бұзғаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделген.