Қоғам

Теміртауда жүк көлігі аударылып, 193 шошқа жайылып кеткен

Теміртауда жүк көлігі аударылып, 193 шошқа жайылып кеткен

19 қыркүйек Астана–Қарағанды тасжолының 188-шақырымында, Теміртау маңында шошқа тиеген Scania жүк көлігі аударылып қалды,деп хабарлайды Ozgeris.info

Көлікте Көкшетаудан Ташкентке бара жатқан 193 шошқа болған. Жол апатынан кейін жануарлар көліктен шығып, далаға шашылып кеткен.

Адамдар зардап шеккен жоқ. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Барлық жаңалық