Жаңалықтар

Шымкентте тоғыз жыл бұрын кісі өлтірген күдікті қолға түсті

Шымкентте тоғыз жыл бұрын кісі өлтірген күдікті қолға түсті
Шымкент қаласында учаскелік полицей тоғыз жыл бұрын кісі өлтірген күдіктіні ұстады. Polisia.kz-тің хабарлауынша, қылмыс Түркістан облысында 2015 жылдың наурыз айында болған. Арыс қаласының тұрғыны жанжал кезінде 3 адамды атып, оқиға орнынан бой тасалаған. Жәбірленушілердің бірі алған жарақатынан ауруханада көз жұмған. Сол жылдың сәуір айында ер адамға халықаралық іздеу жарияланды. Қауіпті қылмыскерді Еңбекші аудандық ПБ-ның учаскелік инспекторы Сәкен Ақбаев анықтап, тұтқындаған. Ол өзіне тиесілі әкімшілік аумақта үнемі кепка киіп, бет-әлпетін жасыруға тырысып жүретін жігітке назар аударған. Полицей күдіктінің көлік жөндеу орталығына жұмысқа орналасқанын біліп, оның жеке басын анықтады. Тәртіп сақшысы оқиға туралы дереу жедел-тергеу тобына хабарлап, әріптестерімен бірге күліктіні қолға түсірді. Қазір күдікті қамауда отыр. Ол Арыстың құқық қорғаушыларына тапсырылатын болады. Фото: polisia.kz
Барлық жаңалық