Тойдың үстінде әнші Сәкен Майғазиев пен белгілі әзілкеш Нұржан Төлендиев шымырлықтарын сынап, көпшіліктің назарын өздеріне аударды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазба қызу пікірталас тудырды.
«Жезде, кәне, «отжимание» жасап жарысайық. Мен 50 рет жасаймын десем, ол 100-ге шақырады. Қане, бастайық», – дейді Майғазиев бейнекадрда.
Әнші жаттығуды еш қиындықсыз орындап, денесінің әлі де сергек екенін көрсетті. Елуді еңсерген әртістің жинақы бітімі көпшілікті тәнті етті.
Ал көрермендер Нұржан Төлендиевтің әдеттегідей қулығын байқап, түрліше пікір білдірді:
«Бұлай етпесе, Тука бола ма?», «Сәкен ағамыз таза жасады», «Сәкен Тукаға сеніп қалды ғой», «Тука тағы да өз мәнерінде ойнады» деген секілді пікірлер желіні толтырды.