🏛️ Саясат

Сайлау ережесі өзгереді

Қазақстанда сайлау туралы Конституциялық заңға бірқатар өзгерістер енгізілмек. Мәжіліс депутаттары заң жобасын талқылап, оны жұмысқа қабылдады, деп жазады Ozgeris.info.

Жаңа түзетулерге сәйкес, бір кандидат бірнеше округтен сайлауға түсе алмайды, сондай-ақ Мәжіліс пен мәслихатқа қатарынан үміткер болуға тыйым салынады. Әкімдікке түсетіндер үшін міндетті сайлау қоры құру талабы енгізіледі.

Сонымен бірге, президент, депутат, әкім және Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) мүшелігіне кандидаттар ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша сотталмаған болуы керек. Үгіт-насихат жүргізу тәртібі нақтыланып, заңды бұзғандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылады.

«Конституциялық заң жобасының мақсаты – сайлау өткізу рәсімдерін жетілдіру және заң талаптарын бұзғандарға әкімшілік жауапкершілік енгізу», – деді Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы Снежана Имашева.

Жоба жақын күндері парламентте талқыланбақ.

Барлық жаңалық