Қытайда жаппай тәртіпсіздіктерді басуға арналған роботтарды дайындау басталды,еп хабарлайды Ozgeris.info.
Мәліметке сәйкес, Fuxi атты адам тәрізді роботтар қалқан мен дубинкамен жабдықталады. Олар жиналған адамдарды ығыстырып, полиция қызметкерлерінің ұрыс тәсілдерін қайталай алады.
Роботтарды әзірлеумен мемлекеттік қорғаныс концерні Norinco айналысып жатыр. Оларды патрульдеу, күдікті адамдарды тану және жаппай тәртіпсіздік кезінде әрекет ету дағдыларына үйретуде. Сонымен қатар роботтар әскери қимылдарды орындауға да жаттықтырылып жатыр.
Жоспар бойынша, роботтар әскери қызметшілермен қатар қызмет етіп, болашақта олардың орнын басуы мүмкін. Қауіпті жағдайларда оларды қашықтан басқаруға болады.