🌐 Әлем

Қытай бала туатын робот шығармақ

Қытайда бұрын-соңды болмаған идея жүзеге аса бастады. Гуанчжоудағы Kaiwa Technology компаниясы адамды «жасанды жатырда» дүниеге әкелетін робот жасап шыққанын жариялады. Ғалымдар мұны жай ғана ғылыми тәжірибе емес, болашақ қоғамға үлкен өзгеріс әкелетін қадам деп отыр, деп жазады Ozgeris.info.

Инженерлер құрастырып жатқан «туылу машинасында» бала кәдімгі ананың құрсағындай жасанды ортада өсіп-жетіледі. Қоректік заттарды арнайы түтік жеткізеді, ол пуповина қызметін атқарады. Бірақ бұл жерде әңгіме жай инкубатор жайлы емес. Компания оны адамға ұқсас роботқа енгізуді жоспарлап отыр. Яғни, сырт көзге жүкті әйелді елестететін андроид жүреді, сөйлеседі, тіпті адамның эмоциясын қайталай алады.

Ең қызығы, мұндай робот келесі жылдың өзінде сатылымға шығуы мүмкін екен. Бағасы да аса қымбат емес – шамамен 100 мың юань, яғни 14 мың доллар шамасында. Әдетте мұндай технологиялар фантастикалық фильмдерде ғана кездесетін. Ал енді оны өмірде көруіміз ғажап емес.

Дегенмен қоғам екіге жарылды. Бір топ бұл жаңалықты медицинадағы үлкен серпіліс, бала сүйе алмай жүргендер үшін үміт деп қабылдап отыр. 

Kaiwa Technology әзірге нақты шешім қабылдамаған. Компания өкілдері құрылғыны әлі жетілдіріп жатыр, бірақ алғашқы тәжірибелердің сәтті өткенін жасырмайды.

Барлық жаңалық