Қоғам

"Қазақстандық қыздарға тіл тигізген": Алматыда белгілі ресейлік стримерлер ұсталды

"Қазақстандық қыздарға тіл тигізген": Алматыда белгілі ресейлік стримерлер ұсталды

Алматыда белгілі ресейлік стримерлер Анар Абдуллаев және Ренатко қазақстандық қыздарға қатысты стрим кезінде бейәдеп сөздер айтқаны үшін ұсталды, деп хабарлайды қалалық ПД.

"Олардың қамауға алынғанына стрим кезінде қазақстандық қыздарды қорлауы себеп болған", - деп жазды басылым.

Равшан есімді стример де бұл жайтты растады. Ол стрим кезінде аталған блогерлермен бірге болған.

"Біз де, жігіттер де ісімізбен немесе сөзімізбен негатив айтқымыз келмеген. Жігіттердің айтқан сөзі біреуді ренжіткен болса, кешірім сұраймыз", - деді Равшан.

Аталған ақпаратты Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі де растап отыр.

ПД дерегінше, ұсақ бұзақылық фактісі бойынша екі шетел азаматына қатысты әкімшілік іс қозғалған.

"Аталған тұлғалар әлеуметтік желіде қоғамдық тәртіп пен қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарын бұзатын сөздер айтқаны анықталды.

Барлық жаңалық